Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сергей Лавров ҚР Президентінің білімпаздығын, шетел тілі мен халықаралық проблемаларды жетік білетіндігін атады

12 Июнь 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Президентінің жоғары білімпаздығын, шетел тілдерін және халықаралық проблемаларды жетік білетіндігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сергей Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы «Еңсеру» деректі фильмі барысында Мемлекет басшысының дипломатиялық және саяси қасиетіне, оның жұмыс істеу қабілеті мен парасаттылығына қатысты ойымен бөлісті.

«Әрине, ең алдымен бұл – өзінің парызына, халқына, Отанына барынша берілгендік. Бұл әзіл емес. Бұл асыра айтқан сөз де емес. Қасым-Жомарт Кемелұлын танитындардың барлығы да оның осындай жоғары қасиеттерін атап өтеді. Екіншіден – жоғары білімпаздығы, шетел тілдері мен халықаралық проблемаларды жетік білу және ең бастысы өз елі тамаша білімінің болуы», - деді Сергей Лавров.


Муаллиф Марлан Жиембай
Калит сўзлар: Қазақстан Президенті, Ресей,
Юқорига