Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сенаторлар кедендік әкімшілендіру мәселелерін талқылады

24 Сентябрь 2021 21:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге, кеден ісі саласындағы электрондық сүйемелдеуге және оны әкімшілендіруді жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.

Сенат комитетінің төрағасы Ольга Перепечина кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Республикалық бюджет пен республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қарау кезінде сыртқы экономикалық қызмет, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру маңызды әрі өткір мәселелердің бірі болып табылады», - деді Ольга Перепечина.




Қаржы министрінің орынбасары Марат Сұлтанғазиев көшпелі отырысқа қатысушыларға кедендік электрондық декларациялау туралы айтып берді. Ол пандемия кезінде кеден қызметтерін қашықтан ұсыну 100% жүзеге асқанын айтты. Дегенмен министрдің орынбасары кедендік әкімшілендіруді толық жетілдіру үшін барлық процестерді кең ауқымда одан әрі цифрландыру қажет деп санайды.

Сенатор Ольга Перепечина отырысты қорытындылай келіп, ұсынылған материалдарды талдау негізінде Комитет уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін қосымша ұсынымдар әзірлейтінін атап өтті.








Калит сўзлар: Сенат, Кеден, Парламент,
Юқорига