Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сенатор Нұртөре Жүсіп Алматы трагедиясы туралы: Бәрі ашық айтылуы тиіс

16 Январь 2022 13:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәрі ашық айтылуы тиіс. Алматы трагедиясына байланысты ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Террорлық әрекет қаншама адамның өмірін жұлып кетті. Құрбандыққа ұшырағандар да аз емес. Қазақстан бойынша 4578 адам зардап шеккен, оның ішінде 4353 адам жараланған. Күштік құрылымдардан 3393 қызметкер жарақат алған. Төтенше жағдай тұсында 225 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі содырлар. Қаза тапқандар арасында 19 полиция қызметкері бар. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар да қаңғыған оққа іліккен», - дейді Бас прокуратураның қылмыстық істерді тергеу қызметінің бастығы Серік Шалабаев.

«Президент күштік құрылымдармен өткізген жиналыста және Twitter-дегі жазбасында бейбіт тұрғындарды қудаламау туралы тапсырма берді. Бізге керегі - тыныштық. Бұлғақ кезінде елдің бір болуы маңызды. «Бөрі жарасын жалап емдейді»,- деген. Қаралы жұрт, жаралы жүрек Қазақстанның Тәуелсіздігі қыл үстінде тұрған сәтті толық және терең сезінеді. Елдіктің жолы тақтайдай тегіс емес. Бұралаңы, бұлтарысы мол. Президент елден ештеңені жасырып отырған жоқ. Ашықтық және әділдік қағидаты ауыр күндерден алып шығары анық. Бір болайық! Бірге болайық!»-деді сенатор.


Юқорига