Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сенат мүгедек жандардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуын ынталандыратын заң жобаларын қарайды

24 Январь 2022 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Онда 2022 жылдың 27 қаңтарында өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы палата отырысында депутаттар сенатор Бейбіт Исабаевтың ант беруі туралы мәселені қарайды.

Сонымен қатар бейсенбіде «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қаралады.

Бұл заң жобалары мүгедек адамдардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуын ынталандыру мәселелерін де қамтиды.

Сондай-ақ бюро отырысы кезінде Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобасы салалық комитеттерге бөлініп берілді. Олардың қатарында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да бар.


Калит сўзлар: Адам құқығы, Заң, Конституция, Сенат, Парламент,
Юқорига