Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейде тарихи орындардың біріндегі ескі үйлер сүрілмек

26 Январь 2022 10:08

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тарихи орындарының бірі – ертеден Татар өлкесі деп аталып келген аумағында бірнеше ескі үй сүріліп, оның орнына заманауи зәулім үйлер салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі кеңейтілген аппарат отырысында қаралған. Шаһардың бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы №707 қаулысымен бекітілген.

Бас жоспарды әзірлеу кезінде қала халқының саны 281,5 мың адамды, аумағы 21720,0 гектарды құрады. Іске асыру мерзімі – 2025 жылға дейін. Сол уақытта тұрғындар саны шамамен 400 мың адамға жетіп, аумағы 31372,0 гектарға дейін кеңейеді.

Жоспар негізінде қаланың оң жағалау мен сол жағалау бөліктеріне қатысты жобалар әзірленіп, бекітілген. Оң жағалаудағы аудандарда келесі жұмыстар жоспарланған:

Татар өлкесінің орталық бөлігінде көпқабатты үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарды салу үшін жеке тұрғын үйлерді бұзу жоспарлануда. Сондай-ақ Қарағайлы шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіледі.

Қаланың сол жағалау бөлігінде орналасқан Юность, Новостройка аудандары мен Цементный кентінде құрылыс жұмыстары жоспарланды. Жалпы биыл Семейде 76 мың шаршы метр үй пайдалануға беру көзделіп отыр.


Юқорига