Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Семейде көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды

20 Январь 2022 14:31

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 20 қаңтарда түнгі сағат 01.00 шамасында Семейдегі Сәтбаев көшесінде болған.

Nissan Almera маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік жыраға құлап, аударылып түскен.

«Жедел жәрдем қызметкерлері құтқарушыларға хабарласып, көлікте қыстырылып қалған екі адамды шығарып берулерін сұрады. Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖД қызметкерлері апаттық-құтқару құралдарының көмегі арқылы барынша сақтықпен автокөлікті көтерді. Содан соң зардап шегушілерді аман-есен шығарып, дәрігерлерге тапсырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Юқорига