Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Семейде алаяққа алданған зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылды

8 Май 2021 20:54

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында зейнеткерден қарызға ақша алып, қайтармай қойған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға 63 жастағы зейнеткер арызданған. Өз сөзінде ол өткен жылдың мамыр айында «пәтер сатып аламын» деген танысы қарызға ақша сұраған. Ойына еш секем келмеген қарт кісі оған 2 900 000 теңгесін бере салады. Алайда арада бір жылға жуық уақыт өтсе де ақшасы қайтпаған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 44 жастағы әйелді тауып, полиция бөлімшесіне жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Юқорига