Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сауытбек Абдрахманов ЕҰУ құрметті профессоры атанды

30 Ноябрь 2021 16:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты, көрнекті қаламгер Сауытбек Абдрахмановқа Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, көрнекті қаламгер Сауытбек Адрахмановтың 70 жылдығына арналған «Мәдениет, білім, ғылым ықпалдастығы және қазіргі заманғы медиакоммуникация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында белгілі болды.

«Сауытбек Абдрахманұлының әсіресе ғылым-білім, тәрбие саласындағы қажырлы еңбегінің зор екендігі бәрімізге мәлім. Сонымен қатар ол - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанашыры ғана емес, белді де беделді профессоры. Осы сәтті пайдалана отырып, таяу арада ғана өткен университеттің ғылыми кеңесінің бірауыздан қабылдаған шешіміне орай Сауытбек Абдрахмановқа «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры» атағы берілгенін хабарлаймыз», - деді іс-шара барысында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.


Муаллиф Марлан Жиембай
Калит сўзлар: Әдебиет, Қоғам, Нұр-Сұлтан, Ғылым, Білім, ЖОО-лар,
Юқорига