Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Сауд Арабиясында рекордтық төмен температура тіркелді

20 Январь 2022 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Ұлттық метеорологиялық орталығы елде төмен температураның рекордтық көрсеткішін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Arabia Weather-ке сілтеме жасап.

Елдегі соңғы минус 6 градусқа дейінгі ең төменгі температура патшалықтың солтүстігіндегі Турайф аймағында анықталды. Төмен температура солтүстіктегі Әл-Курайят пен Арар аймақтарында да тіркелді. Турайфада түнгі аяз қалың қармен, басқа солтүстік аймақтарда аздаған жаңбырмен қатар келгені атап өтілді.

Метеорталықтың болжамына сәйкес, апта соңына дейін елдің солтүстігінде аномальды салқын ауа райы сақталады. Көп ұзамай корольдіктің орталық және шығыс бөлігінде де күннің суытуы күтілуде.

Төмен температура Мединеде – 9 градус, Меккеде – 11 градус және Эр-Риядта 16 градус болды.


Калит сўзлар: Әлем,
Юқорига