Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сәбит Битаев Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  бастығы болып тағайындалды

22 Июль 2021 12:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Битаев Сәбит Кенжеханұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды.

Бұған дейін Битаев Сәбит Кенжеханұлы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Битаев Сәбит Кенжеханұлы 1976 жылы 14 қазанда туған. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.




Өзінің еңбек жолын Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері болып бастады.

2008 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Вице-министр ТЖД бастығының алдына алдағы кезеңге, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы түрлі ТЖ-ның алдын алу және санын азайту бойынша нақты міндеттер қойды.





Юқорига