Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ресей азаматы қазақ-орыс шекарасынан электрошокер алып өтпек болды

27 Октябрь 2021 10:28

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Қосақ» өткізу пунктінде Ресейдің 46 жастағы тұрғынының жеңіл көлігінен электрошокер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облысы Успен ауданының полициясына шекара қызметкерлері «Қосақ» шекара бақылауы бөлімінде Ресей Федерациясының 46 жастағы тұрғынының «Хонда» көлігінен рұқсат қағаздары жоқ «Тандер к.222» маркалы электрошокер анықталғанын хабарлады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

«Иесі Қазақстанға электр қаруын кіргізуге рұқсат беретін құжаттарының жоқ екенін растады», деп атап өтті Павлодар облысы Успен ауданына қарасты әкімшілік полиция бастығы Александр Семенченко.

«Электр қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаған Ресей Федерациясы азаматына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, электрошокер алынған. Материал сотта қаралып, РФ 46 жастағы азаматына 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп атап өтті А.Семенченко.

2021 жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер қаруды заңсыз сатып алу, тапсыру, сату, сақтау, алып жүру және тасымалдаған 92 адамды жазаға тартты.


Юқорига