Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

20 Октябрь 2021 12:02

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Президенттің баспасөзь хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.

Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады», делінген хабарламада.









Калит сўзлар: Қазақстан Президенті, Қарағанды облысы,
Юқорига