Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Пневмония мен коронавирустан 18 адам қайтыс болды

29 Январь 2022 09:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 27 қаңтарда елімізде пневмония 144 адамнан анықталды, 2 адам қайтыс болды. Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 27 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясы 86 138 адамнан анықталды, көз жұмды – 5 262 науқас.

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, 28 қаңтарда коронавирус инфекциясының 11 753 жағдайы тіркелді. Қайтыс болды – 16 адам. Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 28 қаңтарға дейін елімізде 1 216 522 адам коронавирусқа шалдықты. Қайтыс болды – 13 210 науқас.

Айта кетейік, кеше министрлік коронавирус пен пневмониядан елімізде 24 адам қайтыс болғанын мәлім еткен еді.






Юқорига