Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Pfizer вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90% тиімді

24 Октябрь 2021 15:40

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – «Pfizer-BioNTech» вакцинасы 5-11 жас аралығындағы балаларға 90,7% тиімділігін растады. Бұл туралы жұма күні Pfizer компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Фармакологиялық компания АҚШ-та аталған жас санатына вакцинаны жедел қолдануға рұқсат алу үшін өтінім жіберді. Ол АҚШ-тың Дәрі-дәрмек жөніндегі федералды агенттігінің сайтында жарияланған.

Pfizer деректеріне сай, екінші дозадан кейін кем дегенде жеті күн өткеннен кейін вирустың симптомдық формаларына қарсы вакцинаның тиімділігі 90,7 % көрсетті. Зерттеу 5-11 жас аралығындағы 2 250 балаға жүргізілді. Олардың 1 500-і вакцина, ал 750-і плацебо алды.

Pfizer компаниясы вакциналаудан кейін ауыр ауру түрлері мен мульти қабыну синдромы немесе миокард жағдайлары тіркелгемегенін хабарлады.

Балаларға арналған дозаның мөлшері – 10 микрограм. Ересектерге 30 микрограмм салынады.

Бір ай бұрын Pfizer вакцинаның 5-11 жастағы балаларға қауіпсіз және тиімді екенін мәлімдеген, алайда оның дәлелдері болмаған.

Вакциналар бойынша ішкі сарапшылардан тұратын АҚШ-тың дәрі-дәрмек жөніндегі федералды агенттігінің кеңес беру комитеті 26 қазан күні Pfizer өтінімін қарастыру бойынша кезекті отырыс өткізеді.

АҚШ-тың денсулық сақтау органдары 5-11 жас аралығындағы балаларға Pfizer вакцинанын егуге рұқсат етсе, балаларды вакциналау науқаны қарашаның басында басталып кетпек. АҚШ билігі осы аптаның басында ел бойынша вакцинаның миллиондаған дозасын халық арасында бөлуді тездететінін мәлімдеген.

Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі осы аптада бес жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын егуді кеңейту бойынша өтінімді қарастыра бастады.

Бельгияның вакциналау бойынша мақсатты тобының өкілі елдің Еуропа дәрі-дәрмек агенттігінің бағасына сәйкес 12 жасқа дейінгі балаларды вакциналау бойынша шешім қабылдайтынын айтты.

Қазіргі кезде вакциналау сертификаты Green Pass Еуроодақ елдерінің көбінде 12 жастан асқан азаматтардан қоғамдық шараларға, дәмханалар мен мейрамханаларға барған кезде сұралады.


Арнұр Рахымбеков


Калит сўзлар: Әлем, Коронавирус, Медицина, Вакцина,
Юқорига