Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Петропавлда автобус бағдаршамда екі адамды қағып кетті

8 Декабрь 2021 16:12

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтпей, жолды кесіп өтпек болған екі адамды автобус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WhatsApp мессенджерінде Петропавлдағы Букетов-Пушкин көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апатының бейнежазбасы тарады. Екі адам бағдаршамның жасыл түсі жануын күтпей жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан оларды қатты жылдамдықпен келіп қалған автобус соқты. Оқыс оқиға көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Жазбадан жол-көлік оқиғасының 3 желтоқсан күні кешкі сағат 19.56-да болғанын көруге болады.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасында екі адам зардап шекті.

«2007 жылы туған қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жарақаты жеңіл болды, сондықтан тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Қыздың қасында болған 30-дар шамасындағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Ер адамның үш қабырғасы сынған, жабық бас сүйек-миы зақымданған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Гүлнар Қалиева.


Юқорига