Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пелеге ота жасалды

8 Декабрь 2021 23:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы, 81 жастағы Пеле қайтадан ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN Brasil арнасына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 8 желтоқсанда Пеле тоқ ішек ісігінің емделуін жалғастыру үшін Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы ауруханаға жатқызылған.

Дереккөздің айтуынша, Пеленің жағдайы тұрақты, жақын арада ол ауруханадан шығуы керек.

Атақты футболшыға осы жылдың қыркүйек айында диагноз қойылған. Ісікті алып тастау үшін оған ота жасалып, химиотерапия курсынан өтті.

Пеленің өзі де жұртшылықпен байланыста болуға тырысады, әлеуметтік желілерге де байланысқа шығады. Тіпті жанкүйерлері үшін аурухана бөлмесінен гитарамен ән де шырқады.


Калит сўзлар: Спорт, Медицина, Әлем,
Юқорига