Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодарда вакцинация паспортын сатқан медбике ұсталды

26 Ноябрь 2021 22:20

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері қала емханаларының бірінің медбикесі коронавирус инфекциясына қарсы жалған вакцинация паспортын жасағанын анықтады, деп хабарлаййды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, медбике сол үшін бірнеше рет азаматтардан жалпы сомасы 160 мың теңге ақшалай сыйақы алған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 24 –бабы (Заңсыз сыйақы алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұлтартпау шарасы - келу міндеттемесі таңдалды»,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілде айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар облысының құқық қорғау органдары төлқұжаттарды қолдан жасады деген күдікпен Павлодар қаласының емханаларының бірінің медицина қызметкерлерін анықтап, ұстады.


Калит сўзлар: Коронавирус, Вакцина, Павлодар облысы,
Юқорига