Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Павлодар облысында ұялы байланыс, жол жоқ ауыл бар

21 Май 2022 03:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың Аққулы ауданындағы кездесіне келген келген тұрғын ауылда ұялы байланыс жоқ екендігін айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Осы жерден 100 шақырымдай жерде орналасқан Жабағылы ауылында шешімін таппай келе жатқан екі өзекті мәселе бар. Оның бірі – жол, екіншісі – ұялы байланыс. Кезінде Майқарағай совхозында бес мың қара мал болған. Оның 2,5 мыңы Шоқталда болса, 2,5 мыңы бізде болған. Қазіргі таңда да 2,5 мың қара малды біз ұстап отырмыз. 7-8 шаруа қожалығы бар. 42 отбасы, 250 адам тұрады. Жаңа мектеп, клуб, шөп, су мәселесі шешілген. Жылдың алты айында ғана дұрыс жүре аламыз. Қыста боран, күз бен көктемде батпақ. Бұған қоса, ұялы байланыс жоқ. Жолда қалып қоямыз. Қыста адам ауырып қалғанда ауданнан санитарлық көлік келе алмайды», деді ауыл тұрғыны Арнай Белгібаев әкімге.

Бұл мәселеге қатысты Әбілқайыр Сқақов жағдайды бақылауға алып, әрі қарай шешу жолын қарастыруды тапсырды.
«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша 70 ауылды қалпына келтірдік. Жол, жарықтандыру, су, әлеуметтік нысандар мәселесі шешімін тапты. Бұл бағдарлама соңғы екі жылда іске асырылуда. Мемлекет қаражатының 80 пайызы тұрақты ауылдарға бөлінеді. Бүгінде тұрғындардан келіп түскен 75 сұрақтың ішінде басым бөлігі инфрақұрылымға қатысты, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы әкімдердің рейтингі жол мәселелерін шешуге байланысты бағаланатын айтып, бұл сұраққа жауапкершілікпен қарау керек екенін атап өтті.
Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаев Жабағылы ауылына баратын жолдың құрылысы биыл басталатынын жеткізді.


Юқорига