Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде сейсмикалық қауіпті аймақтарды анықтау мақсатында зерттеу жүріп жатыр

27 Сентябрь 2021 13:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында сейсмикалық қауіпті аймақтарды анықтау мақсатында зерттеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шаһар аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау үшін топырақ қабаты зерттеліп, инженерлік, геологиялық және геодезиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Өскеменге «Сейсмология институты», «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» және «AspanTauLTD» ЖШС және «ЭЛЬБРУС-ГЕО» ЖШҚ ғылыми-зерттеу мамандары келді. Олар 2021 жылдың соңына дейін тектоникалық құрылымдарды нақтылау бойынша аспаптық зерттеулер жүргізетін болады. Осының нәтижесінде, жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаланың сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленеді.

«Жоба 2021-2024 жылдары «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені» Жол картасын іске асыру шеңберінде өтуде. Инженерлік-геофизикалық, инженерлік-геологиялық және инженерлік-геодезиялық жұмыстар кешені ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС-ның жетекшілігімен ШҚО ТЖД мамандарымен бірлесіп орындалады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.








Муаллиф Талғатжан Мұхаметбекұлы
Калит сўзлар: Аймақ, Ғылым, Шығыс Қазақстан облысы,
Юқорига