Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде полиция қызметкеріне дөрекі мінез танытқан ер адам қамауға алынды

27 Январь 2022 16:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкеріне тіл тигізген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде полиция қызметкеріне дөрекі мінез көрсеткен мас тұрғынның видеосы желіге тараған еді.

Онда ер адам тәртіп сақшысын балағаттап, арандатпақ болған.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін құқық бұзушыға қатысты сот шешімі шықты.

«Айыпталушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігіне (Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау) сәйкес іс қозғалған. Сот шешімі бойынша ол бес тәулікке қамауға алынды», - делінген ақпаратта.

41 жастағы азамат өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген.


Юқорига