Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде алаяққа алданған ер адам үйінен айырылды

25 Январь 2022 14:56

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында алаяққа алданған әйел үйінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға жүгінген 19 жастағы азамат өзін алдап соққан көршісінің жатақханадағы бөлмесін иеленіп алғанын жеткізді. Осының салдарынан жәбірленушіге 3 500 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай, әйел адам зардап шегушінің психоневрологиялық есепте тұратынын біле тұра, оған мүлікті сатуға сенімхат жаздырып алған. Кейін қолындағы құжат арқылы көршісінің жылжымайтын мүлкін сатып жіберді», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Юқорига