Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Орындықта ұйықтауға мәжбүр: Елорданың балалар ауруханасындағы жағдайға түсінік берілді

27 Октябрь 2021 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық балалар ауруханасында төсек-орынның жетіспеуіне қатысты шағымға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда тұрғыны балалар аурухасындағы жағдай туралы әлеуметтік желіде жазды.

«Таңғалысымда шек жоқ, елорда ауруханасында балалардың қалай ем алып жатқанын көрсеткім келеді. Ешқандай жағдай жоқ, адамдар орындықта ұйықтауға мәжбүр. Науқас балалар мен олардың ата-аналарын жайғастыратын жеткілікті кереуеттің болмағаны ма?», - деп елорда тұрғыны шағымын білдірді.

Өз кезегінде қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта 0 мен 2 жасар балалар арасында ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекциялар), тұмау және пневмонияның таралуы өршіп тұр. Видеода №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының педиатрия бөлімшесіндегі жағдай көрсетілген. Педиатрия бөлімшесіндегі палаталар науқас балаларға толып қалды. Аталған мәселені шешу үшін қосымша төсек-жаймен қамту шарасы қаралып жатыр», - делінген басқарма жауабында.




Муаллиф Әли Ибраев
Калит сўзлар: Видео, Оқиға, Әкімдік, Қоғам, Бала, Денсаулық, Медицина, Нұр-Сұлтан,
Юқорига