Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатына ұшыраған үш әйелге қолұшын берді

20 Сентябрь 2021 00:12

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатына ұшыраған үш әйелге қолұшын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтановтың мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні шамамен сағат 14.15-те 2 саяжай маңында Теректі ауданы Подстепный ауылына қарай шығатын жолда болды.

«ВАЗ 2106» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінде тұрған «ГАЗель» автокөлігінің артынан келіп соғылған. Сол маңда қызметте жүрген әскери бөлім штабы бастығының аға көмекшісі, капитан Данияр Наурызғалиев, жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының командирі, капитан Медет Мұхтаров және медицина қызметкері, санитарлық нұсқаушы, ефрейтор Абылай Амангелді осы оқиғаның куәгері болды.

Сақшылар оқиға туралы жедел қызметке хабарлап, зардап шеккендерге бірінші болып көмекке ұмтылды. Жеңіл көлікте үш әйел отырған. Д.Наурызғалиев пен М.Мұхтаров әуелі алдыңғы орындықта қысылып қалған егде әйелді алып шықты. Содан кейін тағы екеуінің салоннан шығуына көмектесіп, А.Амангелдімен бірге алғашқы медициналық жәрдем көрсетті.

Екінші саяжай тұрғыны, оқиға куәгері Жайнагүл Мұратқызы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне алғысын білдірді.





Ұландықтар өз іс-қимылдарын батылдық деп санамайды. Олардың пікірінше, мұндай жағдайда әр адам зардап шеккендерге қолұшын беруі тиіс. Адам өміріне қауіп төнгендіктен, тез әрекет етіп, құтқару керек болды.





Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 45 жастағы әйелдің ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.








Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Батыс Қазақстан облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Юқорига