Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оралда Toyota бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

22 Май 2022 12:13

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Toyota автокөлігі бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жантүршігерлік оқиға бүгін таңда шамамен сағат 05.05-те Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында болды.

«Пост» аялдамасы тұсында жүргізуші автокөлік руліне ие бола алмай, жарнама қалқаны бағанына соғылған.

Автокөлікте жүргізушіден басқа 2002 жылғы қыз болған.




Олардың екеуі де ауруханаға жеткізілгенімен, қыз есін жия алмастан қайтыс болды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс арттырмау керектігін еске салады.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің толықтырғанындай, құтқарушылар автокөлік ішінде қыстырылып қалған 1993 жылғы жүргізушіні шығарған. Оқиға орнына төрт құтқарушы бір техникамен барды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 25 велосипед ұрлаған тұрғынды әйелі ұстап бергенін жазған болатынбыз.





Муаллиф Елжан Ералы
Калит сўзлар: Батыс Қазақстан облысы, Аймақ, Оқиға, Көлік, Жол,
Юқорига