Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Опера әншісі Мария Мудряк елордада концерт береді

26 Ноябрь 2021 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең елордада қазақстандық белгілі опера әншісі Мария Мудряктың концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемияға байланысты біраз жоспар өзгерді. Кейбір жоспарды кейінге шегеруге тура келді. Дегенмен қиындықтарға қарамастан концерттер ұйымдастырып жатырмыз. Оның үстіне Қазақстанда өнер көрсетпегелі біраз уақыт өтті. Менің отанымды үнемі мақтан тұтам және сағынам. Отан мен үшін ата-анам, жақындарым секілді, сыртта жүргенде оларды қалай сағынсам Қазақстанды да солай сағынам. Әрине Қазақстанға жыл сайын келіп өнер көрсеткім келеді. Оның реті келмей жатады, оның үстіне жоспар алдын ала құрылады», - деді Мария Мудряк концертіне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

«Для тебя, мой Казахстан» деп аталатын концертте опера әншісі әлемдік және қазақтың халық шығармаларын орындайтын болады.




«Менің сүйікті композиторым Джузеппе Верди, сондықтан негізінен осы автордың шығармаларын орындаймы. Сондай-ақ, әрине қазақтың ұлттық әндері де болады. Концертке менің шетелдік әріптестерімде қатысып, өне көрсетеді. Оның қатарында белгілі болгариялық баритон Владимир Стоянов та бар. Оркестрмен дайындықты бастағанымызға біраз уақыт өтті. Бүгін қорытынды дайындық өтіп жатыр», - дейді.




Отандасымыз Мария Мудряктың концертінде белгілі италяндық Альвизе Казеллати дирижерлік етеді.

Айта кетейік, аталған ән кеші елордадағы «Астана Опера» театрында сағат 18:00-ге жоспарланып отыр.


Муаллиф Әли Ибраев
Калит сўзлар: Мәдениет, Өнер,
Юқорига