Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Омикронды» ЖРВИ-дан қалай ажыратуға болады

25 Январь 2022 17:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Коронавирустың «омикрон» штамын ЖРВИ-дан ПТР тестісіз ажырату мүмкін емес. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың «омикрон» штамы мен ЖРВИ-дің белгілері өте ұқсас. Сырқат әр адамда әрқалай өтеді. Сондықтан әзірге оны коронавирус немесе ЖРВИ екенін ПТР-сіз ажырату мүмкін емес», - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Айта кетейік, Алматыда «омикрон» жұқтырғандар саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өсті.

Бұған дейін Қарлығаш Әбдіжаббарова коронавирустың бесінші толқыны наурызда шарықтау шегіне жетуі мүмкін екенін айтқан болатын.


Муаллиф Алма Мұқанова
Калит сўзлар: Коронавирус, Алматы, Медицина,
Юқорига