Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Омикрон» штамы: Қазақстанға ұшақпен келетін жолаушыны қабылдау тәртібі қатаңдатылды

30 Ноябрь 2021 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамы Қазақстан аумағында таралмауына арналған жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарды қабылдаудың тәртібі бекітілген. Ол тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларынан, ертіп жүретін адамның ПТР анықтамасы болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалардан, авиакомпаниялардың экипаждарынан, Қазақстан аумағында COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған азаматтардан басқалардың бәрі мемлекеттік шекараны кесіп өту сәтінде мерзімі 3 тәуліктен аспайтын ПТР анықтамасын ұсынуға міндетті.

«Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан Израиль, Чехия, Нидерланд, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте мерзімі 72 сағаттан аспайтын ПТР анықтама көрсетуге міндетті», - деп жазылған қаулыда.

Ал халықаралық транзитпен өтетін жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынады.

Қаулы 3 желтоқсанда сағат 0.00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.


Юқорига