Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс экология саласындағы халықаралық келісімдерді қарайды

24 Сентябрь 2021 11:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттар әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды.




Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында дайындалды.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланбақ. Олар: Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау және осы конвенцияға Биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттамаларына қатысты заң жобалары.


Калит сўзлар: Парламент,
Юқорига