Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нұр-Сұлтандағы кептеліс мәселесін шешу үшін кешенді көлік сызбасы әзірленеді

29 Февраль 2020 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы көлік кептелісі мәселесін шешу мақсатында кешенді көлік сызбасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, осы жылдың қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі елордадағы Қабанбай батыр даңғылы алты жолаққа кеңейтілетінін мәлім еткен еді. Аталған көшенің құрылысын қашан бастап, қашан аяқтау жоспарланып отырғанына байланысты ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігіне сауал жолдап көрді.

«Қазіргі кезде Қабанбай батыр даңғылын реконструкциялау жобасының техника-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобада Салтанат сарайынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға дейінгі аумақта даңғылды реконструкциялау және кеңейту көзделген. Аталмыш жобаның әкімгері – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ. Жобаны іске асыру мерзімі жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезінде көрсетіледі», - деп жауап берді қала әкімдігінен.

Сонымен қатар елорда әкімдігі елдің басты шаһарында халық санының көбейіп келе жатқанына байланысты көлік кептелісі проблемасын қалай шешілгелі жатқанын хабарлады.

««Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарына сәйкес 2030 жылға дейін қаланы дамыту стратегиясы аясында халық санының өсу болжамы ескеріледі. Осыған байланысты аталған құжат аясында кешенді көлік сызбасы (ККС) әзірленуде», - деп хабарлайды әкімдіктен.

Айта кетсек, ККС-тің мақсаты – барлық көлік ағынын оңтайландыру, елорданың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту және тиімді техникалық және қала құрылысы шешімдерін талдау арқылы барлық көлік түрлерін бір көлік желісіне интеграциялау болып отыр.


Муаллиф Аян Бекенұлы
Калит сўзлар: Нұр-Сұлтан, Көлік, Жол,
Юқорига