Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нұр-Сұлтанда солтүстік айналма жол уақытша жабылды

25 Май 2022 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті транзиттік көлік пен жүк көлігінің жүргізушілеріне үлкен айналма жол учаскесі арқылы рұқсат етілген бағыттарды көрсететін ақпараттық тақталарды басшылыққа алуды ұсынады.

Сондай-ақ, «Өндіріс» тұрғын үй массивінің жолдарында апатты жағдай және кептеліс болмас үшін «Сергек» камераларын орнату арқылы жүк көлігінің қозғалысы шектелді.

Тәртіп сақшылары екі жолақты жолдар жүк көлігі тасымалының қарқынды жүруіне арналмағанын еске салады.

Бұдан басқа, халқы 32 мыңнан асатын «Өндіріс» тұрғын алабы - өнеркәсіптік аймақ емес.

Транзит көлік санының көптігіне байланысты тұрғындардан массив аумағындағы жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қала және аудан әкімдігіне тұрақты шағым түсіп жатыр.

Айта кету керек, мамыр айында Сусамыр көшесінде «Газель» автокөлігі баланы қағып кеткен, оқиға орнында алған жарақатынан бала көз жұмды.

Қаламен байланыстыратын негізгі екі жолақты жол - Малахов көшесі. Онда республикалық маңызы бар үш теміржол өткелі орналасқан, осы өткелде көлік жүктемесінің деңгейі рұқсат етілген нормадан асады.

Жол жүрісі қағидалары 1-қосымша 3-бөлімінің талаптарына сәйкес «жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» 3.4 жол белгісінің күші белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін немесе белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі көлік құралдарына қолданылмайды.

Сондай-ақ, аталған тұрғын үй алабының тіршілігін қамтамасыз ету үшін жүк көлігінің қозғалысы көзделген.

Бұл шаралар уақытша және айналма жолдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі.

Елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасы жүк көліктерінің жүргізушілерінен аталған өзгерістерді назарға алуды және түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жол қозғалысына қатысты бүкіл сұрақтар мен ұсыныстар бойынша, сондай-ақ әкімшілік айыппұлмен келіспеген жағдайда Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасына 8 (7172) 67-75-75, 71-69-77, WhatsАpp 8-705-295-86-20 телефондары арқылы жүгінуге болады.


Калит сўзлар: Нұр-Сұлтан, Жол, Көлік,
Юқорига