Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда шолақ аңшы мылтығын алып жүрген жас жігіт ұсталды

18 Июнь 2021 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Профилактикалық шаралар жүргізу кезінде полицейлер түнгі екілер шамасында Тараз көшесінен 27 жастағы жігітті ұстады. Одан шолақ аңшы мылтығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жігіттің айтуынша, ол мылтықты бейтаныс адамнан сатып алып, келешекте бөтелкелерді атып жаттықпақшы болған. Оған қоса, мылтықты өз еркімен тапсырмақ та болған, алайда ол қаруды тапсырғанға дейін полицияғ ұсталған.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған қару – механикалық тәсілмен қысқартылған, техникалық жағынан атуға жарамды, бір ұңғылы зауыттан шыққан мылтық.

Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны, алып жүргені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Елорда аумағында атыс қаруын қолданумен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу және азаматтық, қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 17 мамырдан 16 маусымға дейін «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша айналымнан барлығы 32 заңсыз сақталған қару мен 71 ойықты қарудың оғы алынды. Қару айналымы ережесін бұзғаны үшін тіркелген қарудың 337 бірлігі тәркіленді.

Іс-шара басталғаннан бері 15 мың қару иесі тексерілді, 104 сақтау және алып жүру фактісі, 113 қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу фактісі анықталды. Барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды.


Калит сўзлар: Оқиға, Қылмыспен күрес, Нұр-Сұлтан,
Юқорига