Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» трассасында жол қозғалысы қалпына келтірілді

4 Декабрь 2021 23:37

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» трассасында жол қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» автожолында пиротехникалық бұйымдар тиелген «DAF» жүк көлігінің өртенуіне байланысты жол қозғалысына кедергі келтірілді. Оқиға орнына ТЖД-нің жеке құрамынан 19 адам және 4 техника жұмылдырылды. Өрттен көлік тіркемесі толық жанып кетті. Өрт сағат 22:05-те ауыздықталып, 22:32-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 22:40-та жол қозғалысы қалпына келтірілді», - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тас жолының 212 шақырымында пиротехникалық бұйымдар тиелген жүк көлігі отқа оранған болатын.


Муаллиф Аслан Оспанов
Калит сўзлар: Көлік, Ақмола облысы, Оқиға,
Юқорига