Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Непалдық гид екі рет Эвересті бағындырып, әлемдік рекорд орнатты

13 Май 2021 16:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Непалдық тауда жол көрсетуші маман Мингма Тенджи Шерпа 86 сағаттың ішінде дүние жүзіндегі ең биік шың Эверестке (8 849 м) екі рет көтеріліп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы 13 мамыр күні Xinhua агенттігі осы екі шараны да ұйымдастырған Seven Summit Treks компаниясының өкіліне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші рет жол көрсетуші 7 мамырда экспедициялық топпен бірге көтерілген, одан кейін екінші рет шыңға 11 мамырда қайта шыққан.

Эверестке ең тез бірізді шығу бойынша әлемдік рекордты үнділік альпинист Аншу Джамсенпе орнатқан. 2017 жылы ол Эверестке екі рет 118 сағат 15 минут ішінде шықты.

2019 жылдың қазанында непалдық альпинист Нирмал Пурджа әлемдегі барлық сегіз мыңнан асатын 14 шыңды бағындырып, теңдессіз әлемдік рекорд орнатқан. Оның ерлігі альпинизм тарихындағы ең үлкен жетістік деп танылды.


Калит сўзлар: Спорт, Әлем,
Юқорига