Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

NASА тарихта тұңғыш рет Марстан оттегі алынғанын хабарлады

22 Апрель 2021 09:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – NASA мамандары тарихта бірінші рет Perseverance ғаламшар бетінде жүрушінің бортында орналасқан құрылғы арқылы Марс атмосферасынан оттегі алды. Бұл туралы 21 сәуір күні сәрсенбіде америкалық ғарыш агенттігінің сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Негізгі компоненті көмірқышқыл газы болатын Марс атмосферасынан оттегі MOXIE тәжірибелі қондырғысы көмегімен алынды. NASA өкілдерінің пікірінше, бұл әдіс Марстан оттегі алып, оны сақтауға мүмкіндік береді.

Барлығы шамамен 5 грамм оттегі алынды. Бұл бір ғарышкердің 10 минут демалуына жетеді. MOXIE алдағы уақытта «сағатына 10 грамм оттегі» өндіре алады деп күтілуде.


Калит сўзлар: Әлем, Ғарыш, Ғылым,
Юқорига