Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет қайраткері Қуаныш Алпысбеков дүниеден өтті

23 Июнь 2021 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 23 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның заңнамалық базасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Мәжіліс депутаттарының атынан және жеке өз атымнан орны толмас қазаға байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамын. II сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков отандық заңнамалық базаны жетілдіруге сүбелі үлес қосты», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар Мәжіліс спикері Қуаныш Алпысбековтің КОКП ОК-де, кейінірек Көлік министрлігінде, Ақмола облысының басшылығында, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жауапты мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген жылдардағы жоғары кәсібилігіне тоқталды.

«Көрнекті мемлекет қайраткері, керемет тұлға және сенімді дос Қуаныш Махмұтұлы туралы жарқын естелік адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады», – деп атап өтті Мәжіліс спикері.


Калит сўзлар: Парламент, Оқиға, Қоғам,
Юқорига