Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Матрица: Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

1 Август 2021 08:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Түркістан облысы осыған дейін бірнеше күн қатарынан «сары» аймақта болып келген еді.


Калит сўзлар: Коронавирус, Медицина, Статистика,
Юқорига