Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаулықтар арыстық шаруаларға алғыс айтты

23 Июль 2021 17:47

МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Арыс қаласынан Маңғыстау облысына 3 мың бау, яғни, 3 вагон шөп жіберілді. Тиісті мал азығы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылдық округіне және Қарақия ауданының Сенек, Бостан, Құланды ауылдық округтеріне қарасты шаруашылықтарға үлестіріліп берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыстық шаруалар өз кезегінде Арыс қаласы әкімдігі мен шаруаларға, белсенді азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Тиісті шараға белсене қатысқан Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Сырдария ауылының бір топ тұрғындарына алғыстарын жаудырды.

Айта кетейік, биылғы қуаңшылық маңғыстаулық шаруаларға қиын соғып тұрғаны белгілі. Қиындықты еңсеру мақсатында Түркістан облысында «БАТЫСҚА КӨМЕК» шарасы қолға алынған болатын.




Аймақ басшысының атсалысуымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ келісім жасалып, логистика мәселесі шешілді. Аталған шараға Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың ұйымдастыруымен арыстық шаруалар мен белсенді азаматтар көмек қолын созды.

Шөпті жинауға және артуға қаланың еріктілері, белсенді азаматтары көмек көрсеткен еді.











Юқорига