Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан жол жабылды

29 Январь 2022 01:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыз болуынан «Шымкент-Самара» тасжолының бірқатар бөлігінде жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімет таратты.

Онда «Шымкент-Самара» тасжолының 1473-1939 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына жол жабық екені айтылған.

Ол Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би және Шиелі кентінің аралығын қамтиды.

Сонымен қатар, 28 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00.00 бастап республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының Қызылорда қаласынан бастап Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігінде бүкіл көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Дәл осындай жағдай Қызылорда қаласында да байқалды. Жаңбыр жаууы мен күннің суықтығына байланысты қала көшелерінде көктайғақ көрініс берді.

«Қазір көктайғақты болдырмау үшін коммуналды сала қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Оған «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-нің 32 бірлік арнайы техникасы мен 120 қызметкері жұмылдырылды. Мамандар тәулік бойы ауысыммен жұмыс жасайды. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында елсіз далада қалып қойған 19 адам құтқарылған еді.


Муаллиф Әділжан Үмбет
Калит сўзлар: Оқиға, Ауа райы, Қызылорда облысы, Көлік, Жол,
Юқорига