Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші жақсарды

17 Январь 2022 21:07

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші жоғарылап келеді. Биыл көпқабатты 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда облыс орталығында 2170 пәтерлі 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы құны 17,5 млрд теңгеге жуық. 2020 жылы басталған Сырдария өзенінің сол жағалауында көпқабатты – 12, СПМК-70 тұрғын ауданынында ипотекалық 12 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға тиісті қаржы бөлінді.

Ал былтыр СПМК-70 №2 тұрғын ауданында ипотекалық 6 үйдің (6300 пәтерлі), арендалық 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ облыс орталығында бұдан бұрын апатты үйлерде тұрып келген отбасылар үшін Сырдария өзенінің сол жағалауында 50 пәтерлі 1 үйдің құрылысы қолға аланып отыр. Ол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Жалпы алғанда, биыл тұрғындарға 1370 пәтер табыстау көзделуде. Оның ішінде 430-і көпбалалы отбасыларға берілсе, 50-і апатты тұрғын үйлерде тұрып жатқан азаматтарға беріледі. Сондай-ақ 250-ін кезекте тұрған отбасылар алса, 640 пәтер «Отбасы банк» арқылы табысталады. Айта кетерлігі, кезектегі аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 192 пәтер сатып алуға 2 млрд 456 млн теңге бөлінген. Қазірге дейін 33 пәтер сатып алынса, қалғанына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде», - деді Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Біржан Далабаев.

Облыс орталығында жеке инвесторлар есебінен тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Мұндай азаматтар есебінен 8 млрд теңгеге 217 пәтерлі 9 үйдің бой көтеруде. Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жүргізуге мән берілді. Бұл мақсатта ұлттық, республикалық және облыстық бюджет есебінен барлығы 3 млрд 988 млн теңге бөлінді. Аталған қаржылар Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, СПМК-70 тұрғын ауданын жылу, кәріз, электр, телефон желілерімен қамтамасыз етуге, Сабалақ саяжайын ауызсумен қамтуға, қаланың бірқатар аумағын ауызсу және кәріз су желілері, электр, газ, жылу жүйелерін жүргізуге қаралды.


Юқорига