Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстанда селден 6 адам қаза тапты, тағы екі бала іздестіріліп жатыр

13 Июль 2021 12:08

АҚСЫЙ. Кабар-ҚазАқпарат – 12 шілде күні сағат 18:00 шамасында Ақсый ауданында нөсер жаңбыр салдарынан екі үйдің ауласы мен Жаны-Жол ауылындағы жайылымға апаратын ішкі жол су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

ТЖМ хабарлағандай, Ақ-Жол ауылында, Жолборсту ауылында жолдар мен көпірлер бүлінген.

Таштақ ауылында екі баланы ағын су ағызып кетті.

Жалпы, сел тасқыны 8 адамның өмірін қиды, оның 6-ауы табылды.

Қалғандарын (екі баланы) іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Бүгін іздестіру жұмыстарына Қырғыз Республикасының ТЖМ 20 құтқарушысы, Ақсый ауданынан 6 құтқарушы, 7 милиция қызметкері және 40 жергілікті тұрғын тартылды.

Ақсый ауданында милиция қызметкерлері тұрғындарға сел тасқынының салдарларын жоюға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесуде.

Милицияның мәліметінше, 2021 жылғы 12 шілдеде сағат 19:00-де Ақсый ауданы Ішкі істер органына жергілікті тұрғындардан нөсер жаңбыр салдарынан Жаны-Жол мен Ақ-Жол ауылдық округтерін қосатын Таңды-Бұлақ жайылымын топан су басқаны туралы хабар келіп түскен. Сел тасқыны 8 адамның өмірін қиды.


Юқорига