Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қырғызстанда «Алыш» белбеу күресінен Азия чемпионаты өтуде

23 Май 2022 23:07

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның оңтүстік астанасында ерлер мен әйелдер арасында «Алыш» белбеу күресінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі «Алыш» белбеу күресі дүниежүзілік федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 11 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Иран, Моңғолия, Түркіменстан және Қырғызстан елдерінен келген спортшылар бар бар. Олар 20 салмақ дәрежесінде жарысады, 24 медаль жиынтығы ойнатылады.
Спорттық шара Ош қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл - осы жылдың қыркүйек айында Түркия Республикасының Изник қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу кезеңі.


Автор: Гүлмира Әбдрахманова


Калит сўзлар: Қырғызстан, Спорт, Түркі елдері,
Юқорига