Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қырғыз мектептерінде аптасына екі мәрте әнұран орындалатын болды

25 Май 2022 08:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстан мектептерінде оқу аптасының басында және соңында мемлекеттік әнұран орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Баткенде өткен көшпелі жиында Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев мәлімдеді.

Бұл бастама оқушылардың ұлттық болмысы мен патриотизмін нығайтуға бағытталған.

Жиынға қатысушылар министрдің бастамасын толық қолдады.

Айта кетейік, бұл - министрліктер арасында Білім және ғылым министрлігінің Баткенде өткізіп отырған бірінші көшпелі отырыс.


Калит сўзлар: Қырғызстан, Мектеп, Білім,
Юқорига