Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құтқарушылар жағажайларда арнайы жаттыққан иттерді пайдалануда – ШҚО

19 Июнь 2021 07:21

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы су айдындарының жағалауларын қадағалау жұмыстарына арнайы жаттыққан иттер тартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су айдындарындағы қауіпсіздікті құтқарушылардан басқа арнайы жаттыққан иттер де қадағалауда. Төрт аяқты көмекшілер кәсіби мамандардан еш кем түспейді.

«Осы жазда құтқарушыларға әртүрлі төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздеуге Алеся, Вильсон және Хит лақап атты лабрадорлар көмектеседі. Құтқарушылар тыйым салынған және қауіпті жерлерде шомылып жүрген адамды анықтаса оған профилактикалық мақсатта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқама беріледі. Барлық уақытта департамент мамандарының серігі – осы жаттыққан иттер. Олар кез келген сәтте көмекке келуге әзір. Қазіргі уақытта иттерді дайындау және суға батып бара жатқан адамды құтқаруды үйретіп, сертификат беру мәселесі қарастырылуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД-ның кинолог-мамандарының қызметтік иттерді дайындауда тәжірибелері жетерлік. Негізінен иттердің арасында Лабрадор тұқымының орны ерек. Ол өзінің инстинктімен, адамға деген сүйіспеншілігімен, батылдығымен, ақылымен ерекшеленеді. Сондай-ақ сағатына 5 шақырым жылдамдықпен жүзе алады.


Юқорига