Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады

26 Январь 2022 10:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 27 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды.

Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданатыны күтілуде», деп атап өткен Берік Уәли.


Юқорига