Об-ҳаво
Нур-Султон +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚР Президенті «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді

25 Январь 2022 15:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды

«Сіздің «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамаңызды қолдаймыз. Білім беру, мәдениет және туризм саласындағы қазіргіден де тығыз әріптестік туралы бастамаңызды да қолдаймыз. Біз сіздің мамандарды оқыту курстарын ұйымдастыру және соған қажетті қаражат бөлу туралы айтқан ұсыныңызға ризамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бұл саммиттың басты мақсаттарының бірі өңірдің әлеуетін нығайту екенін еске салды.

«Құрметті әріптестер! Бүгінгі саммиттің негізгі міндеттерінің бірі – Орталық Азияның әлеуетін аша түсудің жаңа тетіктерін табу. Өңірішілік әріптестік кейінгі жылдары жаңа деңгейге шықты. Бұл істе мемлекеттердің сенімге арқа сүйеген диалогы, оның ішінде тұрақты консультативтік кездесулер форматындағы байланыстар негізгі рөл атқарады», - деді Президент.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда.

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.


Юқорига