Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР ІІМ Павлодар облысында итті өртеу оқиғасына қатысты түсінік берді

25 Октябрь 2021 16:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі арқылы тараған итті тірідей өртеп жіберу оқиғасына қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 18 шілде күні «Жалобы Павлодар» Instagram парақшасында белгісіз біреудің итті өртегені туралы видео тарады. 19 шілде күні Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Видеоматериал ұзақтығы бойынша қысқа болуына және нақты бір елді мекеннің айтылмауына байланысты қазіргі уақытта оқиға болған жер анықталу үстінде. Алдын ала іздеу нәтижесі бойынша оқиға Павлодар облысында болмағаны анықталды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, биыл шілде айында Instagram парақшасында белгісіз біреудің итті өртегені туралы видеожазба тарады. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, тәртіп сақшылары оқиғаның Павлодар облысында болғанын болжаған.


Муаллиф Әли Ибраев
Калит сўзлар: Қылмыспен күрес, Оқиға, ҚР ІІМ,
Юқорига