Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда әкесі қызын зорлады деген күдікке ілінді

26 Сентябрь 2021 11:40

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ер адам бірнеше жыл қызын қорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Қылмыстық істің деректері кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау мақсатында жарияланбайды. Қазіргі кезде зардап шеккен баламен психологтар жұмыс жасауда.

Қорғаушының айтуы бойынша, қыз бала не болып жатқанын түсінбеген.

«Қыздың анасы бұл туралы тек алдыңғы күні ғана білді. Қыз бала басылып қалған», - деді қорғаушы.


Калит сўзлар: Қостанай облысы, Қылмыспен күрес,
Юқорига