Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында жарты миллионға жуық көшет егу жоспарланып отыр

18 Октябрь 2021 15:45

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2025 жылға дейін 500 мың ағаш көшетін егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы аппарат кеңесі барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаров мәлім етті.

Ведомство басшысының баяндауынша, қала және аудан әкімдері елді мекендерді күзгі және көктемгі санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезеңінде ағаш егу жұмыстарын да өткізеді.

2019 жылдан бастап облыстағы қала және аудан әкімдіктері 111 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды.

Алайда пандемия кезеңінде егілген ағаштар саны 37 пайыз қысқарған.

«Биылғы жылы ең көп көшет Қарабалық (6 930) және Федоров аудандарында (3 860) егілген. Ең аз ағаш Сарыкөл (800) және Жангелді (1 000) аудандарында салынды. Биыл Қостанай облысының елді мекендерінде 24 711 ағаш салу жоспарланып отыр. Көктемгі және күзгі абаттандыру кезеңінде барлығы 38 мыңнан астам ағаш салынды. 2021-2025 жылдардағы аймақтық жоспарға сәйкес, 500 мың көшет егу көзделген», - деп мәлімдеді Д.Асқаров.

Табиғи ресурстар басқармасы қала мен аудан әкімдіктеріне тәлімбақтардағы 2022-2025 жылдарға ағаш көшеттерін даярлау жұмыстарына көмек көрсету кеңес етілді.


Юқорига