Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көше сыпырған мұғалімдер: Семей әкімінің орынбасары ондай тапсырма бермегенін айтты

18 Октябрь 2021 16:04

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен демалыс күндері қала көшелерінде сенбілік өткен.

Шаһар әкімдігінің мәліметінше, бұл - саябақтарда, жаяу жүргіншілер жолы мен аулаларда тазалықты сақтауға бағытталған қоғамдық шара.

Сенбілікке мыңнан астам адам шыққан. Барлығы 15 көше тазаланды.

«Мұғалімдерді сенбілікке шығаруға ешкім нұсқау берген жоқ. Бұл - әр адамның жеке таңдауы. Сенбілік туралы хат меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарға жіберілді. Өйткені мұндай шараларды өткізу кезінде барлық жерде солай жасалады. Келуді міндеттейтін және бұл күні сабақ өткізбеу туралы сөз болған жоқ», - дейді қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілерде Семейде мұғалімдердің көше сыпырып жүргені қызу талқыға салынған болатын.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аталған фактіге орай тексеру жүріп жатқанын мәлімдеген еді.



Юқорига