Об-ҳаво
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Валюта курси
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

1 Декабрь 2021 05:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияның болашақ канцлері Олаф Шольц коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны қолдады. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telеgram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германияның болашақ канцлері Шольц коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны қолдады. Бундестагтың мүшесі ретінде Олаф Шольц осындай ұсыныспен келісетінін хабарлады. Германияда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация 2020 жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Алғашқы қатарда егде жастағы азаматтар, дәрігерлер және маңызды әлеуметтік кәсіптердің қызметкерлері вакцинаны қабылдады.

Нидерландыда коронавирус инфекциясының омикрон штамы елге анықталған мерзімнен ертерек келгені анықталды. Омикронның алғашқы нұсқасы 19 қарашада алынған. Осы уақытқа дейін Голландияда омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары 26 қарашада Оңтүстік Африкадан келген 14 жолаушыда анықталған деп есептелген.

Біріккен Араб Әмірлігінде «Спутник Лайт» вакцинасын барлық вакциналарға арналған бустер ретінде қабылдау мақұлданды. Бустерлік вакцина 18 жастан асқан барлық резиденттер үшін қолжетімді болады. Сонымен қатар БАӘ-де вакцинация бағдарламасы аясында қолданылатын кез келген вакцинаның екінші компонентін салғаннан кейінгі алты ай өткен соң екпе ала алады.


Юқорига